"Манчестер Юнайтед" қайта түледі

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
02.02.2024, 13:16

Кеше Ағылшын премьер-лигасында айтулы оқиға орын алды. 

"Манчестер Юнайтед" қайта түледі

Сырт алаңда “Вулверхэмптонмен” кездескен “Манчестер Юнайтед” 3:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында 2 доп басымдылығын ұстап тұрған “МанЮнайтед” 85-минутқа дейін керемет ойнап жатты. Алайда, қызықтың көкесі осы кезде басталды. “Вулвз” арты артынан екі гол салып таразы басын теңестірді. Таблодағы көрсеткіш 3:3 болғанда адамдар АПЛдың құдіреті осы ғой деп таңырқасты. Алайда, МЮ қойсын ба? Оңайлықпен берілмейтін “қызыл сойқандар” қайта шабуылдады. Ферги-тайм демекші ойынның соңғы минутында гол салу бұлардың қанында бар ғой. Коби Майну деген жас футболшы гол салып, есеп 3:4 болды. Міне, нағыз тартысқа толы ағылшындық футбол!

Осы кездесуден кейін “Манчестер” 35 ұпаймен 7 орында тұр. Тен Хагтың командасы алғашқы 4 команда қатарына кіруге мүмкіндік сақтап отыр. “Манчестер Юнайтед” қайта түледі деген тақырыптағы мақалалар да пайда бола бастады. Даңқты клуб қайта тірілді деп ойлайсыздар ма? 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×