Қатар құрамасы Өзбекстанды өткізбейді

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
03.02.2024, 18:35

Бүгін Азия кубогы жарысында өте қызықты кездесу болады. 

Қатар құрамасы Өзбекстанды өткізбейді

Азия құрлығының чемпионатын қабылдап жатқан Қатар құрамасы өз алаңында Өзбекстанмен кездеседі. Бұл ширек финал ойыны. Жеңген команда жартылай финалға жолдама алмақ. Кеше мысалы, Оңтүстік Корея осы кезеңге жолдама алған еді. Ал бүгін ше? Қатар немесе Өзбекстан. Өрге озған Өзбек футболы деп мақтаймыз. Алайда, ұлттық құрамасының шамасы қай деңгейде? Шомуродов жарақат алып қалған. Шахбоз бен Бобир қосалқы құрамда отыр. Негізгі форвард Игорь Сергеев те осы жарыста жүріп жарақаттанды. Енді Сречко Катанец не амал ойлап табар екен. 

Жалпы алғанда Азиядағы төрешілік күмән тудыртады. Олар өз алаңында ойнап жатқан командаға бүйрек бұруы ықтимал. Сондықтан да, біздің болжам бойынша Қатар құрамасы келесі айналымға өтуі тиіс. Болжамымыз – бірінші команданың жеңісі (2,6 коэфицент). Ендеше матчтың өзін қарайық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1

Тегтер:

Азия кубогі
Серіктес жаңалықтары
×