Қазақстан Ресеймен ойнамайды

Құрама бас бапкері Магомед Әдиев сұқбат берді. 

Қазақстан Ресеймен ойнамайды

Бүгін “Матч” телеарнасы Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық матч өткізуі ықтимал деп ақпарат таратты. Ресейлік арнаның бұл инсайдын іліп әкеткен ресейлік газеттер бас бапкеріміз Магомед Әдиевке дейін қоңырау шалыпты. 

“Біздің шілде айында бір ойынымыз бар. Жолдастық кездесу өткізуіміз керек. Алайда, кіммен ойнайтынымыз әлі белгісіз. Қазақстан футбол федерациясы нақты ұсыныстар болса менімен кеңес жүргізеді. Ал әзірге нақты ешқандай әңгіме болған жоқ” дейді бас бапкер “Спорт Экспресс” газетіне берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей құрамалары осыған дейін 4 мәрте кездескен еді. 

09.09.2019. Ресей - Қазақстан 1:0 (Еуро-2020. Калининград)

24.03.2019. Қазақстан - Ресей 0:4 (Еуро-2020. Астана)

31.03.2015. Ресей - Қазақстан 0:0 (Жолдастық. Химки)

23.05.2008. Ресей - Қазақстан 6:0 (Жолдастық матч. Мәскеу)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×