Аққудың соңғы әні: Абат Түркияда соңғы голын салды

26.05.2025, 11:50

Кеше Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспордың» шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия чемпионатының 37-туры аясында «Истанбул Башакшехир» қақпасына гол салып, командасына жеңіс сыйлады.

Аққудың соңғы әні: Абат Түркияда соңғы голын салды
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында

Отандасымыз аталған матчты қосалқы құрамда бастаған. Алаңға 82-минутта шығып,  төреші қосқан қосымша минуттарда жеке шеберлігін паш етті 2:3. Осылайша, Абат бұл кездесудің нүктесін қойды.

29 жасар футболшы Суперлиганың 24/25-жылғы маусымындағы 26 матчта 5 голдың авторы атанды. Шабуылшы мен аданалық команданың келісімшарты келесі айдың аяғында аяқталады. А. Айымбетовтің нарықтық бағасы 500 мың еуро.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×