
2024/2025 жылғы маусымда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған «Ливерпуль» футбол клубының марапаттау рәсімі өтті.
Арне Слот баптайтын команда чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Маусым қорытындысы бойынша, «Ливерпуль» 38 ойыннан 84 ұпай жинады.
Марапаттау рәсімі чемпионаттың соңғы турында «Кристал Пэлас» клубына қарсы өткен матчтан кейін, «Энфилд» стадионында өтті. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Бұл — «Ливерпульдің» Англия чемпионаты тарихындағы 20-шы чемпиондығы.
Біздің серіктес: FONBET