«Қателіксіз болған жоқ...» Самат Смақов «Ақтөбемен» қалай ойнау керектігін айтты

25.05.2025, 21:02

«Жетісу» бас бапкері Самат Смақов «Ақтөбемен» болған ойынды қортындылап, пікірімен бөлісті.

«Қателіксіз болған жоқ...» Самат Смақов «Ақтөбемен» қалай ойнау керектігін айтты
«Жетісу» - «Ақтөбе» кездесуі

Айта кетейік, бүгін ҚПЛ-дің 10-турында талдықорғандық команда алғашқы жеңісіне тіркеді 2:1.

«Иә, шеберлігіміз жетіспейтін де шығар! Не дегенмен «Ақтөбе» әлдеқайда мықты команда, жекелеген ойыншыларының шеберлігі жоғары қарсыласпен ойнау қиын. Бірақ, жігіттер нұсқаманы толық орындап шықты және оларға алғыс білдіргім келеді. Осындай ауыр жұмысты істеді, ризамын. Ары қарай жылжимыз. Бірінші жеңіс, алғашқы үш ұпай, бірақ бүгін қуанып, ертең келесі ойынға дайындықты бастап кетеміз. Тағы қайталап айтайын, «Ақтөбедегі» футболшылардың жеке шеберлігі жоғары, сондықтан оларға қарсы ойнау біздің қорғаушыларымызға өте қиынға соққан болатын. Бірақ олар жүктемені орындай алды. Иә, қателіксіз болған жоқ, қателіктерге бой алдырдық, алайда жеңіске жеттік, осы орайда барлығын құттықтаймын», - деді С. Смақов. 

«Жетісу» 10 турдан кейін 8 ұпаймен он бірінші сатыға көтерілді. Келесі турда талдықорғандық клуб 31-мамырда «Қайсарға» қарсы тұрады. Қызылордалық клуб 10-орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×