
«Ақтөбе» ҚПЛ-дің 10-турында күтпеген жерден «Жетісудан» жеңіліп қалды 1:2.
Талдықорғанда болған бәсекеде Габи Кики қонақтарды алға шығарса 40-минут, Ринат Серікқұл үзілістен кейін таразы басын теңестірді 49-минут. Ал 87-минутта алаң иелері жеңісті жұлып алды 2:1. Голдың авторы Максим Житнев.
Ақтөбелік клуб жанкүйерлері командасының сәтсіздігін ауыр қабылдаған болатын. Клубтың ресми инстаграм-парақшасында фанаттар түрлі комменттер жазып, қалдыруда. Төменде соның бірнешеуін келтірдік;
«Астанадан» басқа барлық көшбасшылар букмекерлердің пайдасына ойнады...
Олимпбет өзінікін жасады ма, бізде ойын жоқ па?
Келісілген ойын...
Ермұхамед Мауленнің айтканы келіпті ғой...
Қасымды капитандықтан айыру қажет
Смаков Қасымды сатып алған сияқты...
Айта кетейік, осы турда бірнеше сенсациялық нәтиже тіркелген - «Оқжетпес» сырт алаңда «Қайратты» қапы қалдырса 2:1,«Ордабасы» Шымкентте «Ұлытаудан» ұтылды 0:1.
Біздің серіктес: FONBET