Аксель Витсель «Атлетико Мадридке» ауысты

07.07.2022 11:33 Ла Лига

Бельгиялық футболшы бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Аксель Витсель «Атлетико Мадридке» ауысты

Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Аксель Витсель мансабын «Атлетико Мадридте» жалғастырады.

Витсельдің испаниялық командамен келісім-шарт мерзімі бір маусымға есептелген.

«Мен үшін «Атлетико» - керемет топ клуб. Мен үшін жоғары деңгейде қалып, Чемпиондар лигасында ойнау маңызды болды. Сондықтан осында көшуді жөн көрдім. Симеоне? Эль Чоло - әлемдегі ең жақсы жаттықтырушы және мен онымен жұмыс істегім келеді.

Мұндағы жанкүйерлер керемет атмосфера құрайды. Мен «Зенит» футболшысы ретінде ескі стадионда ойнағанымда, сондай-ақ осы стадионда «Боруссиямен» ойнағанымда соған куә болдым. Атмосфераны қайта сезіну үшін жұмыс істеп, осы стадионда болғым келеді», - деді Витсель.

Еске салайық, Витсель дортмундтық «Боруссиядан» кеткеннен кейін еркін агент атанды. Неміс клубы үшін жартылай қорғаушы 144 матчқа қатысып, 13 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

0 пікір