Милан Миланович: «Барлығы Будапештте шешіледі»

07.07.2022, 16:22
Миланович екінші матчқа жақсылап дайындалатынын айтты.
Милан Миланович: «Барлығы Будапештте шешіледі»

«Тобылдың» бас бапкері «Ференцварошқа» қарсы өткен ойыннан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Ең алғашқы айтарым – атмосфера. Жанкүйерлерімізге бүгін көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Біз енді осындай атмосферадан соң Будапештте оларды жеңуге міндеттіміз.

Ойынға келсек, гол соқпағанымыз өкінішті. Бізде көптеген мүмкіндік болды. Әсіресе бірінші таймда 20-25 минут бойы басымдық біздің жақта еді. Екінші таймды да жақсы бастадық. Ойынның соңында да гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды.

Қарсыласымыздың әлеуеті өте мықты. Олардың өзіндік ойнау стилі бар. Біз бүгін бір тайм ғана ойнадық дер едім, екінші тайм Будапештте өтеді. Қонақтағы ойында оларға алаң ортасынан шабуыл ұйымдастыруға жол бермеу керек. Енді бұл кездесуді жақсылап саралап, алдағы матчқа дайындалуымыз қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×