Себастьян Аллер «Боруссия Дортмунд» ойыншысы атанды

07.07.2022, 03:36
Трансфер құны 31+4 миллион еуроны құрады.
Себастьян Аллер «Боруссия Дортмунд» ойыншысы атанды

«Аякстың» шабуылшысы Себастьян Аллер «Боруссия Дортмундқа» ауысты. 28 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы жаңа командасында 9-шы нөмірмен өнер көрсетпек.

«Біз жақында Чемпиондар лигасында үздік шыққан, Бундеслигамен жақсы таныс және өзінің деңгейін көрсетіп үлгерген тәжірибелі орталық шабуылшы Себастьян Аллерді қатарға қосқанымызға өте қуаныштымыз», - деді «Боруссияның» спорт директоры Себастьян Кель.

Аллердің «Боруссиямен» келісім-шарты төрт жылға есептелген, соған сәйкес, жылына 8 миллион еуро алатын болады. Трансфер құны 31+4 миллион еуроны құрады. Бұл «Боруссия» үшін рекордтық сома болып табылады.

Кот-д'Ивуар құрамасының шабуылшысы осы жазда «Боруссияға» қосылған жетінші жаңа ойыншы болды. Бұған дейін дортмундтық клуб «Бавариядан» Никлас Зюле, «Фрайбургтен» Нико Шлоттербек, «Кельннен» Салих Озжан, «Ред Булл Зальцбургтен» Карим Адейеми, «Манчестер Ситиден» Джейден Браф және «Ян Регенсбургтен» Александр Мейерді сатып алған еді.

Аллер өткен маусымда «Аякс» үшін 42 ойында 34 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×