«Тобыл» мен «Ференцварош» алғашқы матчта тең түсті

07.07.2022, 03:00
Қос команда бар мәселені екінші ойында шешетін болды.
«Тобыл» мен «Ференцварош» алғашқы матчта тең түсті

«Тобыл» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ференцварошты» қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын барысында Милан Миланович шәкірттері қорғанысқа қамалып алмай, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Асхат Тағыбергеннің алыстан жасаған жойқын соққысын венгриялық клубтың қақпашысы қайтарды. Өз кезегінде Александр Мокин де қарсыластарының қарымды соққыларын тойтарып, қақпасына гол жібермеді. Қостанайлық клуб сапында Душан Йованчич пен Бағдат Қайыров сары қағазбен жазаланды. Ал «Ференцварош» құрамында үш ойыншы ескерту қағазын алды.

Қос команда арасындағы жауапты матч 13 шілдеде Будапешттегі «Групама Аренада» өтеді

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі, алғашқы ойын

«Тобыл» – «Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) – 0:0

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к), Самат Жарынбетов (Серікжан Мужиков 68) – Рубен Бриджидо (Игорь Сергеев 64), Зоран Тошич, Айбар Жақсылықов (Мильян Вукадинович 76);

«Ференцварош»: Денеш Дибус (қ) (к) – Элдар Чивич, Аднан Ковачевич, Сами Ммаэ, Эндре Ботка (Хенри Уинго 77) – Балинт Вечеи (Андерсон Эсити 51), Айсса Ляйдуни, Кристофер Захариассен (Маркиньос 62) – Адама Траоре, Токмак Нгуен, Франк Боли (Форчун Бэсси 62);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×