Аксель Витсель "ПСЖ" да ойнауы мүмкін

18.06.2013, 23:09
Аксель Витсель "ПСЖ" да ойнауы мүмкін
"Милан" командасының шабуылшысы Робиньо жақын арада Бразилиялық клуб "Сантостың" қатарын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы "Милан" командасының Вице- президенті Андриано Галлиани мәлімдеді. "Сантос" командасы Робиньо үшін 7 млн еуро ұсынып отыр. Ал, "рассонерилер" Робиньоны 9 млн еуроға бағалап отыр. Ал, "Сантос" бұл сомаға келіспе Робиньо басқа Оңтүстік Америкалық клубтарда ойнауы мүмкін. Робиньо бұған дейін "Милан" сапында Италияның А Сериясында 85 кездесу өткізіп 22 гол соққан. Германияның "Щальке" және Грекия құрамасының қорғаушысы Кирьякос Пападопулосқа үш бірдей беделді клуб қолқа салып отыр. Атап айтсақ, олар: "Зенит", "Ливерпуль", "Манчестер Юнайтед". Пападопулостың трансферлік құны 22 млн еуро. "Шахтер" Бразилия елінде доп тебетін Фредті сатып алуға ниетті. Донескілік клуб 20 жасар Фред үшін 12 млн еуро ұсынып отыр. Алғашқы ұсынысында "Шахтер" "Интернасьоналға" 9 млн еуро ұсынған болатын. Санкт- Петерборлық "Зениттің" жәнеде Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Аксель Витзель Францияның "ПСЖ" командасынан ұсыныс алды. "ПСЖ" командасы Витзель үшін 40 млн еуро ұсынып отыр. Айта кетейік, Витзель өткен жылы "Бенфикадан" "Зенитке" 40 млн еуроға келген болатын. Жұмағазиев Құрмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Байқау!
Келесі жаңалық
Шедевр
Серіктес жаңалықтары
×