«Ақтөбе» бір аптада үшінші рет жеңіске жетті

17.05.2025, 18:15

Көкшетау қаласында бірнеше тур бойы жеңілмей келе жатқан қос клуб күш сынасты.

«Ақтөбе» бір аптада үшінші рет жеңіске жетті

Бұл матч көпшіліктің қызығушылығын тудырған еді. Себебі, алаң иелері 4 ойын бойы ешкімнен жеңілмей келе жатса, «Ақтөбе» де қарсыластарынан жеңіп, тіпті кейінгі 3 кездесуде қақпаларына гол жібермеген болатын.

Алғашқы голды 14-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Тимур Досмағамбетов тікелей айып добынан соғып, есеп ашты. Көкшетаулықтар шабуылды жалғастырғанымен, бірінші таймның қосымша минутында Оралхан Өміртаев баспен гол соғып, есепті теңестірді — 1:1.

Екінші таймда ойын тізгінін толық өз қолына алған «Ақтөбе» командасы алдымен Жайро Жанның голы арқылы алға шықты. Артынша ол дубль жасап, есепті 1:3-ке жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 25 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұрған алматылық «Қайратты» екі ұпайға басып озды. Ал «Оқжетпес» 14 ұпаймен турнир кестесінде 5-орыннан төмендеуі әбден мүмкін.

Оқжетпес — Ақтөбе 1:3 (1:1)

Голдар: Досмағамбетов 14 (1:0), Өміртаев 45+5 (1:1), Жан 56 (1:2), Жан 65 (1:3)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×