
Португалиялық A Bola басылымының хабарлауынша, Лондонның “Арсенал” клубы “Спортингтің” шабуылшысы Виктор Гёкерешті сатып алуға жақын. Португалиялық A Bola басылымының хабарлауынша, Лондонның “Арсенал” клубы “Спортингтің” шабуылшысы Виктор Гёкерешті сатып алуға жақын.
Швециялық шабуылшы Виктор Гёкереш қазіргі таңда Португалияның "Спортинг” сапында жарқырап жүр. Ол соңғы маусымларда керемет нәтиже көрсетіп, гол соғу жағынан көш бастап, Еуропалық грандтардың назарын өзіне аударды.
Микель Артета баптайтын “Арсенал” бірнеше маусым қатарынан Премьер лига чемпионы болуға жақын келіп, алайда шешуші сәттерде шабуыл шебінің әлсіздігінен мақсатына жете алмай келеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін клуб басшылығы Гёкерешті негізгі трансферлік нысана ретінде белгілеген.
A Bola деректеріне сүйенсек, “Арсенал” трансфер үшін шамамен 60–80 миллион еуро көлемінде қаражат бөлуге дайын. “Спортинг” болса, ойыншыны тек келісімшарттағы босату бағасына ғана сатуға келіседі, ол шамамен 100 миллион еуро.
"Арсенал” бәсекелестік жоғары трансферлік нарықта жылдам әрекет етуді көздейді. Себебі Викторға басқа да еуропалық алпауыт клубтар, атап айтқанда “Челси”, “ПСЖ” және “Атлетико Мадрид” та қызығушылық танытуда.
Виктор Гёкереш биылғы маусымда “Спортинг” үшін 50 ойында 52 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET