
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Қызылжар» клубы өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.
Петропавлда өткен матч қауіпті сәттер аз болғанымен, тартыс жоғары деңгейде өтті. Бірінші таймның соңында алаң иелері қиын жағдайға тап болды. 42-минутта Илья Мартинович алаңнан қуылып, «Қызылжар» бір ойыншысынан айырылды.
Екінші таймда басымдығы бар «Ақтөбе» шабуылға көшіп, нәтижесінде 69-минутта Оралхан Өміртаев дәл соққы жасап, есеп ашты. Дегенмен, матчтың аяқталуына жақын қалғанда, 86-минутта Андрей Васильев таразы басын теңестіріп, «Қызылжарға» бір ұпай алып келді.
Осы тең ойыннан кейін «Ақтөбе» 26 ұпаймен турнир кестесінің 3-орынында келеді. Ал «Қызылжар» 14 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.
«Қызылжар» — «Ақтөбе» 1:1 (0:0)
Голдар: Өміртаев 69 (0:1), Васильев 86 (1:1)
Қызыл қағаз: Мартинович, 42
Біздің серіктес: FONBET