
Талдықорғандық «Жетісу» мен алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турында кездесті.
Талдықорғанда өткен матч шын мәнінде тартысқа толы болды. Аутсайдер мәртебесіне қарамастан, «Жетісу» фаворитке қарсы лайықты ойын көрсетті. 19-минутта Максим Ковель баспен соққы жасап, есеп ашты. Бірақ 36-минутта «Қайрат» сапынан Жоржиньо таразы басын теңестірді. Алайда үзіліске дейін 41-минутта Ринат Серікқұл алаң иелерін қайтадан алға шығарды.
Екінші тайм басында қонақтар сапынан Егор Сорокин соққыны дәл бағыттап, есепті 2:2-ге жеткізді. Уақыт жеткілікті болғанымен, екі команда да жеңіс добын соға алмады.
Нәтижесінде «Қайрат» 27 ұпаймен турнир кестесінің үздік үштігінде қалды. Ал «Жетісу» 10 ұпаймен қауіпті аймақта тұр.
«Жетісу» — «Қайрат» 2:2 (2:1)
Голдар: Ковель 19 (1:0), Жоржиньо 36 (1:1), Серікқұл 41 (2:1), Сорокин 51 (2:2)
Біздің серіктес: FONBET