Ақтөбе» «Ювентустің» футболшысын шақырды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.02.2024, 12:42

Ақтөбе» «Ювентустің» футболшысын шақырды

Ақтөбе» «Ювентустің» футболшысын шақырды

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының мәліметінше, «Ақтөбе» жақын арада жаңа екі футболшымен келісімшартқа отыруы мүмкін. Оның бірі Эквадорлық Хосе Севальос. Эквадорлық жартылай қорғаушы кезінде Туриннің Ювентусінде өнер көрсеткен. Дәлірек айтсақ қарт сеньораның жастар командасында доп тепті.

Сондай-ақ, Севальостың мансабында Бельгияның «Локерен» және эквадорлық «Эмелек» командалары болды. Соңғы үш маусымды ол өзінің отанында өткізген. Бұдан бөлек «Ақтөбе» сапына хорватиялық Матео Барач та ауысуы ықтимал. Хорватиялық қорғаушы Ресейлік «Крылья Советов» ұжымына тиесілі. Матео Барач Самаралық командаға дейін өзінің отанындағы бірнеше ұжымның жейдесінде өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Австрия, Швейцария және Бельгия біріншілігінде де доп тепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ҚПЛ
Серіктес жаңалықтары
×