Бахтиердің «Бешікташты» үшінші орынға шықты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.02.2024, 12:45

Бахтиердің «Бешікташты» үшінші орынға шықты

Бахтиердің «Бешікташты» үшінші орынға шықты

Түрік суперлигасында доп тебетін қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтің «Бешікташы» үшінші орынға көтерілді. «Галатасарай» мен «Фенербахчені» өкшелеп қалған Стамбулдық клуб бұл жолы «Трабзонспордан» айласын асырды. 24 тур аясында өткен кездесуді Отандасымыз бастан аяқ өткізген. Трабзондық ұжым «Бешікташтың» үшінші орынға таластағы басты бәсекелесі саналады. Команда осы жеңісінің арқасында 39 ұпай жинап, үшінші сатыға жайғасты. 2:0 есебімен аяқталған ойын қазақстандық жартылай қорғаушының «Бешікташ» сапындағы 20 шы кездесуі. Команданың келесі бәсекесі 8 ші ақпанда «Антальяспор» клубына қарсы өтпек. Бұл Түркия кубогі аясындағы 1/8 финалдық матч.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×