«Ақтөбе» ұлттық құраманың футболшысын қатарға қосты

24.06.2025, 21:25

«Ақтөбе» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначевтің командаға қосылғанын ресми түрде мәлімдеді.

«Ақтөбе» ұлттық құраманың футболшысын қатарға қосты

27 жастағы шабуылшы бұған дейін алматылық «Қайрат» сапында ойнаған. Ол 2020 жылы Қазақстан чемпионы, ал 2021 жылы Қазақстан Кубогының иегері атанған. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Израильдің Беэр-Шева қаласындағы «Хапоэль» клубында өнер көрсетті. Кейін сол жылы Ресейдің «Сочи» клубына жалға берілді.

Артур Шушеначев Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнап, 2021 жылы ұлттық құрамада дебют жасап, 7 матчқа қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×