
25 маусым күні футболдан Қазақстан Кубогының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтеді.
Алғашқы матч Петропавлда өтеді. Сағат 18:00-де алаң иелері «Қызылжар» мен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі. Екінші жартылай финал 20:00-де Қостанайда басталады. Онда жергілікті «Тобыл» астаналық «Жеңіспен» ойнайды.
Екі матчты да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, жартылай финал екі ойыннан тұрады. Жауапты ойындар 30 тамызда өтеді. Ал турнирдің финалы қашан өтетіні әзірге белгісіз.
Қазақстан Кубогын ең көп жеңіп алған клуб — алматылық «Қайрат». Бұл команда бұл трофейді 10 рет иеленген.
Біздің серіктес: FONBET