«Ақтөбенің» бас бапкері «Легияға» қарсы кездесу жайлы: бұл теке-тірестің оңай болмайтыны анық

20.06.2025, 14:55

«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук «Легия» туралы пікірін айтты.

«Ақтөбенің» бас бапкері «Легияға» қарсы кездесу жайлы: бұл теке-тірестің оңай болмайтыны анық
"Қызыл-Жар" - "Ақтөбе" кездесуі

Ақтөбелік команда келесі айда Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында польшалық клубпен кездеседі. 

«Польшалық клуб тегеурінді әрі өте дәрежелі қарсылас. Жеребеден кейін-ақ «Ақтөбеге» қазақстандық командалардың арасындағы ең мықты қарсыластың тап келгені түсінікті болған. Осы жағдайдың өзінен-ақ алдағы бәсекенің қызықты өтетіні түсінікті. «Легияның» құрамына жылдам көз тастап үлгердім. Онда Беларусь футболшысы Илья Шкуриннің ойнайтынын білемін, басқа да легионерлері көп. Сондай-ақ, клубта жаңа бас бапкер екендігі де белгілі. Жаңа жаттықтырушы болғандықтан команданың қандай ойын мәнерінде қимылдайтыны әзірге беймәлім. Жаңа бапкерін абыройлы әрі амбициялы маман деуге болады. Қысқасы, бұл теке-тірестің оңай болмайтыны анық», - деді В. Левчук Sports24.kz-ке берген сұқбатында.  

Қос команда арасындағы кездесулер шілденің 10-17-іне жоспарланған. Жеңіске жеткен клуб екінші кезеңге шықса, ұтылғаны Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болмақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×