
«Ордабасының» фарм-клубының бұрынғы медиа-офицері Арман Пірманов Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дәулет Орынбасар туралы пікірімен бөлісті.
«Иә, ол «Тұранда» шабуылшы болды. «Тұранның» президентінен «Мына баламен келісімшарт жаса, оны жіберіп алмайық» деп өтінгем. Ол кезде оның жасы 13-те болатын. Бірақ, президент Дәулеттің дене бітіміне қарап, күлген, ол кезде нәзік, кішкентай болатын, алайда біз оның қарым-қабілетін білдік қой. Сөйтіп, президент бізге құлақ асқан жоқ, енді «Қайрат» оны 150-200 миллионға сатпақшы. Бір жағынан кетіп қалғаны да дұрыс болған шығар, мынадай «Тұранда» тұншығып қалар ма еді», - деді А. Пірманов «Күнгей.кз» YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Дәулет Орынбасар QJ League 2025-те 6 ойында 5 гол мен 1 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан U 17 құрамасының жейдесінде 8 матчта 4 рет мергендік танытқан. 16 жасар футболшыға мәскеулік «ЦСКА», «Динамо» Загреб және «Хайдук» секілді командалардың қызығушылығы бар. Мәскеулік топ-клубтың тіпті нақты ұсыныс жасағаны да мәлім. Алайда, тараптар келісімге келе алмаған көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET