
Молдовалық «Зимбрудың» бас бапкері Олег Кубарев «Астана» жайлы пікірін айтты. Елордалық клуб Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде молдовалық командамен кездеседі.
«Зимбру» мен «Астана» арасындағы бірінші бәсеке 24-маусымда сырт алаңда, ал жауапты ойын 31-шілдеде Қазақстанда болады.
«Мүмкін, «Астананың» аздап фаворит саналғаны да дұрыс шығар. Чемпион болды, қазір вице-чемпион саналғандықтан да қарсылас бізді менсінбеуі мүмкін. Ол командада белорустар ойнайды, тіпті мен жаттықтырған футболшылар да жүр. Бұл команда бөтен емес, кейде көріп тұрмыз. Енді ақпарат жинаймыз, мұнымен ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймын», - деді Беларусь бапкері.
«Астана» ҚПЛ-де 13 турдан кейін 30 ұпаймен бірінші орында келеді. Соңғы кездесуінде елордалық ұжым «Оқжетпестен» айласын асырды 5:2.
Біздің серіктес: FONBET