
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян 2025/26 маусымындағы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі барысында туындаған мәселе бойынша ойымен бөлісті.
– Қазіргі уақытта біз «Зимбру» клубымен кездесулерді ауыстыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шілденің соңында «Астана Аренада» ойнау мүмкін болмағасын, алғашқы ойынды өз жанкүйерлеріміздің алдында үйде өткізіп, қарымта кездесуді Молдовада ойнағымыз келеді.
Айта кетейік, алғашқы ойын 24 шілде күні Молдова елінде, ал қарымта ойын 31 шілдеде Астанада өтуі тиіс. Бірақ 1 тамыз күні Дженнифер Лопестің концерті жоспарланғандықтан, матч кестесі өзгеріп қалуы да ғажап емес.
Біздің серіктес: FONBET