
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян 2025/26 маусымындағы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі туралы пікір білдірді.
– «Зимбру» – өз елінің бірнеше дүркін чемпионы атанған мықты команда. Жалпы, соңғы жылдары молдовалық футбол жақсы дамып келеді. «Шериф» үнемі еурокубоктарда ойнап жүр, ал өткен маусымда «Петрокуб» Конференциялар лигасында өнер көрсетті. Бұл командаларда легионерлер көп екенін білемін, әрі мұндай турнирлерде жеңіл қарсылас болмайтыны анық. Иә, біз Конференциялар лигасындағы қарсыласымызды білдік, бірақ қазір Қазақстан чемпионатының ойындары өтіп жатыр, сол себепті басымдықты ішкі ойындарға береміз. Қарсылас туралы ақпарат жинап жатырмыз, ал ойындар жақындаған кезде нақты талдау жасайтын боламыз.
Біздің серіктес: FONBET