
Transfermarkt порталы 17 жасқа дейінгі футболшылардың нарықтық құнын жаңартты.
Тізімде посткеңестік кеңістіктен ең қымбат ойыншы ретінде 16 жастағы «Қайрат» шабуылшысы және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев танылды. Оның жаңа нарықтық құны 1,8 миллион еуроға жетті. Бұл көрсеткіш оған жалпы рейтингте әлемде 27-орыннан көрінуге мүмкіндік берді.
Рейтингтің көшбасында Испания құрамасы мен «Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль тұр. Оның құны 200 миллион еуроға бағаланған. Екінші орынды мадридтік «Реалдың» жаңа ойыншысы, 17 жастағы аргентиналық шабуылшы Франко Мастантуоно иеленсе (30 млн еуро), үшінші орынға «Лилль» клубының жартылай қорғаушысы Аюб Буадди (28 млн еуро) жайғасты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында 16 матчта 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта ол маусымның ең үздік сұрмергені болып отыр.
Біздің серіктес: FONBET