Килиан Мбаппе ауруханаға түсті

19.06.2025, 19:16

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Килиан Мбаппе ауруханаға түсті

26 жастағы француз футболшысы қазіргі уақытта АҚШ-та команданың қатарында жүр. Ол клубтық әлем чемпионатына қатысуы тиіс болатын. Алайда бірінші турда Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» командасына қарсы өткен ойында (1:1) алаңға шықпады. Бұған дейін оның жеңіл суық тигізіп ауырғаны айтылған.

Айта кетейік, француз шабуылшысы испандық алпауыт клубтың қатарына 2024 жылы еркін агент ретінде қосылған. Бұған дейін ол 2017 жылдан бастап, Францияның ПСЖ командасында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×