
«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов «Тобылмен» болған бәсеке туралы ой-пікірін айтып, төрешілер жұмысын да тілге тиек еткен болатын.
Украиналық маман матчта қызмет еткен мамандардың жұмысына көңілі толмағанын жасырған жоқ.
«Екінші таймда өзіміздің ойынымызды сезіп, өз футболымызды ойнадық, қолымыздан келетін ойынды. Енді білмеймін ғой, бірнеше эпизод болды - пенальти ма, жоқ па, бірақ төреші VAR қараса да болар еді... Төрешілік жайлы айтқым келмейді, бірақ барлық айып соққылары бір команданың пайдасына ғана шешілгендец әсер қалдырады. Тым болмаса 70-те 30 болса ғой дейсің, бірақ іс жүзінде 100-де 0 шықты. Төрешілер жұмысын бағалағым келмейді, оны ар-ұяттарына қалдырдым», - деді И. Леонов.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚПЛ-дің бесінші турында «Ақтөбе» сырт алаңда «Тобылдан» ұтылды 0:2. Қазір Игорь Леонов жаттықтыратын ақтөбелік клуб турнирлік кестеде бір саты төмен сырғып, 3-орынға жайғасты. Ал «Тобыл» 11 ұпаймен екіншіге көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET