
«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Игорь Леонов қызметінен кеткеннен кейін алғаш сұқбатын берді.
Украиналық маман қызметтен ешқандай қысымсыз кеткенін әрі жұмысының жемісті болғанын алға тартты.
«Жұмыс істегім келеді, шаршағам жоқ (күледі). «Ақтөбеден» кейін ештеңеден қорықпаймын. Қазақстандағы жұмысыма әрине мамандар өз бағасын бере жатар, бірақ өз тарапымнан жұмысыма толық берілгенімді айта аламын. Менің арым таза, тек әрқашан да отқа май құятындар табылады. Команданы аутсайдерлер қатарында емес, төртінші орында фавориттер қатарында қалдырып кеттім. «Ақтөбенің» еншісінде осы маусымда – три жеңіс, тең нәтиже және бір жеңіліс», - деді украиналық маман.
Айта кетейік, өткен демалыста ақтөбелік клуб сырт алаңда «Тобылдан» есе жіберді (2:0). Сөйтіп осы апта басында Игорь Леонов аяқ-астынан өз еркімен қызметінен кететінін айтып, бас бапкерліктен бас тартқан болатын. «Ақтөбе» 5 турдан кейін 10 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET