
Швейцарияның Ньон қаласында өткен Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі бойынша «Ақтөбенің» келесі кезеңдегі ықтимал қарсыласы анықталды.
Егер «Ақтөбе» бірінші кезеңде Польшаның «Легиясын» жеңсе, онда екінші раундта Чехияның «Баник» клубымен кездеседі.
Бұл кезеңдегі ойындар 24 және 31 шілде күндері өтеді.
Еске сала кетейік, «Ақтөбе» Еурокубок маусымын Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Өткен маусымда ақтөбеліктер Конференция лигасының бірінші кезеңінде сүрінген болатын.
Біздің серіктес: FONBET