
«Тұран» клубының 20 жастағы футболшысы Әбинұр Нұрымбет кәсіби мансабын «Ertis» клубында жалғастыруға шешім қабылдады.
Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, «Тұран» командасының жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбет павлодарлық «Ертіспен» келіссөз жүргізуде. Қос тарап келіссөздердің соңғы кезеңінде. 20 жастағы ойыншы бұған дейін «Тұран» командасының сапында ойнаған. 2024 жылғы маусымда ол 14 ойынға қатысып, 1 нәтижелі пас берген.
Маусым айында Нұрымбет Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып, Андорраға қарсы өткен матчта толық 90 минут ойнады. Айта кетейік, жақында ғана павлодарлық ұжымның тізгінін «Тұранның» экс-бапкері Ринат Алюетов ұстаған болатын. Премьер-лигаға шығуды көздейтін «Ertis» командасы жазғы трансфер кезінде бір ғана футболшымен тоқтап қалатынына сенбейміз.
Біздің серіктес: FONBET