
Швейцарияның Ньон қаласында Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе нәтижесі бойынша бұл кезеңде қазақстандық «Астана» клубы Молдованың «Зимбру» командасымен кездеседі. Қос матч 24 және 31 шілде күндері өтеді.
Жаңа еурокубок маусымында Қазақстан атынан тағы үш команда бақ сынайды. Атап айтқанда, «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасына қарсы ойнайды. «Ақтөбе» Еуропа лигасының алғашқы кезеңінде Польшаның «Легия» клубымен кездессе, «Ордабасы» Конференциялар лигасының бірінші кезеңінде Грузияның «Торпедо» командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET