Дархан Бердібек
«Ақтөбе» футбол клубының 21-жасар жартылай қорғаушысы Дархан Бердібек командасымен қош айтысуы ықтимал.
Бұл туралы «Sport+» арнасы мәлімдеген болатын.
«Футболшы тұрақты түрде ойын тәжірибесін алуға мүмкіндік бар Премьер-лига клубтарының бірінің ұсынысын қарастырып жатыр. Ақтаулық футбол мектебінің түлегі биылғы Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізіп, екі гол соқты. Бердібектің еншісінде Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында 2 ойын бар», - делінген спорт арнасының жазбасында.
Дархан Бердібектің келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. Жартылай қорғаушы «Ақтөбеге» дейін ақтаулық «Каспий» намысын қорғаған. Футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро.