«Аль-Айн» Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды

20.11.2020, 02:06
Футболшы еркін агент мәртебесін алды.
«Аль-Айн» Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды

«Аль-Айн» командасы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауынан байланысты келісімшартты бұзды.

«Допинг дауына байланысты «Аль-Айн» клубы Исламханмен келісімшартын бұзды. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған еді», - деп жазды UAE Sports News басылымы.

Айта кетейік, Азия футбол Конфедерациясы «Аль-Айн» ойыншысы Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылған соң уақытша спорттан шеттеткен еді. 

Исламхан Арабиялық клубқа өткен жылдың қысында ауысқан болатын. Ал жазда келісімшартын үш жылға ұзартқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×