Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

20.11.2020, 00:16
Гвардиола Мессидің командаға келуін күтетін секілді.
Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола командамен келісімшартын ұзартты. «Қалалықтардың» баспасөз қызметі хабарлағандай, испаниялық маманмен келісімшарт екі маусымға - 2023 жылдың жазына дейін ұзартылды.

Гвардиола 2016 жылдың жазында «Манчестер Ситидің» бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен команда қатарынан екі рет Англия чемпионы атанды, Премьер-лигада ұпай жинау бойынша рекорд орнатты, сонымен қатар бір рет ел Кубогын, екі рет суперкубокты және үш мәрте Лига кубогын жеңіп алды.

Чемпиондар лигасында Гвардиоланың командасы ширек финалдан әрі өте алмай келеді. Қазіргі уақытта «Манчестер Сити» жеті турда 12 ұпай жинап, бірінші орында тұрған командадан 8 ұпайға қалып, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде оныншы орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×