«Астана» Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысына қызығушылық танытуда

19.11.2020, 23:40
Темірлан Қазақстан құрамасының соңғы ойындарына қатысқан жоқ.
«Астана» Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысына қызығушылық танытуда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобылдың" қорғаушысы Темірлан Ерланов "Астананың" басты трансферлік мақсатына айналды.

Елордалық клубтың басшылығы қорғаныс шебін Қазақстан құрамасының 27 жастағы ойыншысымен күшейтпек. Айта кетейік, Ерлановтың "Тобылмен" келісімшарты маусымның соңында аяқталады, ал тараптар жаңа келісім бойынша әлі келіскен жоқ.

Ерланов "Тобылға" 2019 жылдың соңында "Ордабасыдан" ауысып келді, және Қостанайық клубтың негізгі қорғаушысына айналды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Восток" клубының намысын қорғады.

Осы маусымда Ерланов барлық турнирлерде 19 кездесуге қатысып, екі гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы қорғаушының нарықтық құнын 1 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×