«Аль-Айн» Бауыржан Исламханның орнына жаңа футболшы сатып алды

17.01.2021, 17:08
Жапониялық футболшы бұған дейін «Портуда» өнер көрсеткен.
«Аль-Айн» Бауыржан Исламханның орнына жаңа футболшы сатып алды

"Аль-Айн" футбол клубы 26 жастағы жапониялық жартылай қорғаушы Сёя Накадзимамен келісімшартқа отырды.

Накадзима жаңа командада 22 нөмірмен өнер көрсететін болады. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының трансферлік құны 12 миллион еуроны құрайды. Жапониялық ойыншы допинг-тестілеуден өте алмай екі жылға дисквалификацияланған Бауыржан Исламханның орнын басуы керек.

Бұрын Накадзима жапониялық "Токио Верди", "Токио", "Каталлер Тояма", португалиялық "Портимоненсе" және "Порту", ​​сондай-ақ катарлық "Аль-Духаиль" клубтарында доп тепкен. Осы маусымда жартылай қорғаушы тоғыз ойын өткізіп, бір голдық пас берді.

Еске салайық, Исламхан 2020 жылдың шілдесінде, "Аль-Айн" клубымен үш жылдық келісімшартқа отырды. Қазақстан құрамасының капитаны "Аль-Айн" сапында 16 матч өткізіп, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×