«Қайсар» үздік шабуылшысын командада қалдырғысы келеді

17.01.2021, 17:20
Лобжанидзенің клубпен келісімшарты аяқталып қалған.
«Қайсар» үздік шабуылшысын командада қалдырғысы келеді

Қызылордалық "Қайсар" грузин шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзені команда сапында қалдыруға ниетті.

Инсайдер Айдын Қожахметтің айтуынша, тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр және олар қаржы мәселесін шешуі керек.

"Қайсар" грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартты ұзартуға тырысуда. Келіссөздер сәтті өтуде, шабуылшы басқа қазақстандық клубтардан ұсыныс күтуден шаршап, біраз уақыт Қызылордада болуға шешім қабылдады. Қаржылық мәселелерді шешу ғана қалды", - деп жазды журналист.

Өткен маусымда Лобжанидзе Премьер-Лиганың 13 матчында сегіз гол соғып, "Қайсардың" үздік бомбардирі болды. Қызылордалық клуб маусымды жетінші орында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×