Джаба Канкава: «Тобылға» алдағы маусымда сәттілік тілеймін»

17.01.2021, 17:31
Канкава қостанайлық клубта үш маусым ойнады.
Джаба Канкава: «Тобылға» алдағы маусымда сәттілік тілеймін»

Франциялық "Валансьен" клубына ауысқан Грузия құрамасының футболшысы Джаба Канкава қостанайлық "Тобыл" жанкүйерлерімен қоштасты.

"Мен "Тобылға" өткен үш маусым үшін алғысымды білдіргім келеді. Осы уақыт ішінде команда алға қадам басып, екі рет медаль жеңіп алды. Мен клубтың осы нәтижесіне өз үлесімді қосқаным үшін қуаныштымын.

Мен "Тобыл" жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер мені жақсы қабылдадыңыздар, әрқашан командаға қолдау көрсетіп, біз үшін алаңдадыңыздар. Барлық жылы сөздер мен тілектер үшін үлкен рахмет.

Мен клубқа жаңа маусымда және УЕФА-ның жаңа турнирінде сәттілік тілеймін. Мен "Тобылда" ойнағаныма қуаныштымын және әр кездесуде барымды салатынмын. Барлығы үшін рахмет, Қостанай!", - деді ойыншы клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

34 жастағы Канкава "Тобыл" сапында 2018 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келді. Ол қостанайлық клуб сапында 76 ойын өткізіп, төрт гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×