«Манчестер Сити» Лукаку мен Холандқа көз тікті

17.01.2021, 17:48
«Қалалықтар» Агуэроның орнын басатын шабуылшы іздеуде.
«Манчестер Сити» Лукаку мен Холандқа көз тікті

"Манчестер Сити" "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд пен "Интер" шабуылшысы Ромелу Лукакуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Goal The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, "Манчестер Сити" жазғы трансферлік терезеде жаңа ойыншылар сатып алу үшін 200 миллион еуродан астам ақша алады, ал Холанд пен Лукаку үміткерлер тізіміне енді.

Эрлинг Холанд "Боруссия Дортмундқа" 2020 жылдың қаңтарында "РБ Зальцбург" командасынан 20 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда Бундеслиганың 10 ойынында 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 4 матчқа қатысып, 6 гол соқты.

Лукаку "Интер" сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда 27 жастағы шабуылшы А сериясында 16 кездесу өткізіп, 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×