Марат Шахметов «Каспийден» кетуі мүмкін

17.01.2021, 21:28
Ойыншыға «Қайсар» қызығушылық танытуда.
Марат Шахметов «Каспийден» кетуі мүмкін

31 жастағы қазақстандық футболшы Марат Шахметов қызылордалық «Қайсар» командасына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Өткен маусымда Шахметов «Каспийде» ойнады, 16 матчта бір гол соқты. Оған дейін ол «Шахтер» сапында үш маусым бойы өнер көрсетті (59 ойын, 6 гол). Сонымен қатар ҚПЛ-де «Астана», «Атырау», «Ертіс», «Жетісу», «Ақжайық» және «Тараз» клубтарында доп тепті. Шахметов 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан құрамасында он матч өткізді.

«Қайсар» өткен маусымда жетінші орынға ие болды. Сонымен бірге «қасқырлар» Еуропа Лигасында дебют жасап, Кипрдің АПОЭЛ командасына есе жіберді (1:4).

Маусымаралық үзіліс кезінде 50 жастағы қазақстандық маман Сұлтан Әбілдаев команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×