«Аль-Айн» Исламханмен келісімшартты бұзбаған екен

20.11.2020, 21:17
Бауыржан Қазақстанға оралып, бұл істің аяқталуын күтуде.
«Аль-Айн» Исламханмен келісімшартты бұзбаған екен

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Қазақстанға оралды. Бұл жерде отандасымыз допинг дауына байланысты басталған ісінің аяқталуын күтеді. 

Еске салайық, Исламхан Азия Чемпиондар лигасы аясында өткен ойыннан кейін допинг сынақ тапсырып, оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған болатын. Кейін бұл мәселеге команданың дәрігері кінәлі екендігі айтылды. 

Футболшының допинг қолданғаны дәлелденіп, анық кінәсі болса ғана келісімшарт үзіледі. Әзірге ешқандай шешім шығарылған жоқ. Сонымен қатар, "Аль-Айн" бапкері Педру Эмануэл ойыншыға қолдау білдіріп, мәселемен клубтың заңгерлік департаменті айналысып жатқанын мәлімдеген. 

Қазіргі таңда футболшының екінші допинг тестінің қорытындысы белгісіз және "Аль-Айн" клубының медициналық қызметкерінің қателік жіберу мүмкіндігі тексерілуде.

Одан бөлек, БАӘ мен Азия футбол ассоциациясы бұл жағдайды зерттеп жатыр. Ойыншы уақытша футболдан шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×