Куман: «Мен Мессидің неге ашуланғанын түсінемін»

21.11.2020, 02:30
Бұған дейін Месси мен Гризманның арасырда келіспеушілік болғандығы туралы хабарланған болатын.
Куман: «Мен Мессидің неге ашуланғанын түсінемін»

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман шабуылшылар Лионель Месси мен Антуан Гризманн арасындағы жанжал туралы ақпаратқа пікір білдірді.

"Мен Леоның неге ашуланғанын түсінемін. Ол сияқты адамдарға құрметпен қарау керек. Ол ұзақ уақыт бойы "жоғарыда" жүрді, ал қазір осындай сұрақтарды тыңдауға мәжбүр болды. Бұл менсінбеушілік. Мүмкін сіз мұны күтпеген жерден талқылау үшін жасап жатқан боларсыз. Киіну бөлмесінде мен Месси мен Гризманнның арасындағы мәселенің бар екенін дәлелдейтін ештеңе көрмедім. Мен мәселелерді іздегенді ұнатпаймын. Жақында осы тақырыпта сөйлеген агент Антуанмен көптеген жылдар бұрын жұмысын тоқтатқан. Бұл өсек-аяңдардың бәрі жала", - деп келтіреді Marca Куманның сөзін.

Гризманн "Барселонаға" 2019 жылдың жазында қосылды. Месси мен клубтың басқа да көшбасшы ойыншылары французды сатып алғанына наразы болды, өйткені ол трансферден бір жыл бұрын көпшілік алдында "Барселонадан" бас тартқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×