«Қайрат» Черногориялық ойыншысымен келісімшартты ұзартты

21.11.2020, 02:41
Косович биыл төрт голын да айып соққысынан салды
«Қайрат» Черногориялық ойыншысымен келісімшартты ұзартты

«Қайрат» футбол клубы мен Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович еңбек келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Келісімшарттың екі жылға жасалғандығы атап өтілген.

Косович ағымдағы чемпионатта 16 ойын өткізіп, онда төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 25 жастағы жартылай қорғаушы 2019 жылдан бастап «Қайрат» сапында ойнайды. Оған дейін ол Белградтық «Партизанының» намысын қорғады. Ол сондай-ақ венгриялық «Уйпешт» пен сербиялық «Войводинада» ойнады.

Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 750 мың еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×