“Аль-Наср” Роналду кетсе, оның орнын басатын ойыншыны анықтады

29.05.2025, 19:30

Сауд Арабиясының “Аль-Наср” клубы шабуыл шебіндегі басты жұлдызы Криштиану Роналду клубтан кететін болса, оның орнын басатын футболшыны таңдады. TalkSPORT басылымының хабарлауынша, “Ливерпульдің” Колумбиялық вингері Луис Диас “Аль-Насрдың” жазғы трансферлік терезедегі басты мақсатына айналуда.

“Аль-Наср” Роналду кетсе, оның орнын басатын ойыншыны анықтады

Ағылшындық “Ливерпуль” клубы “Аль-Насрдың” Диасқа деген қызығушылығынан хабардар, алайда олардың қазіргі мақсаты Диасты сату емес, онымен келісімшартты ұзарту. 

Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, Роналдудың “Аль-Насрдан” кететіні жақында жарияланады.

Луис Диас 2024/25 маусымында барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны — 85 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×