«Зенит» клубы Нұралы Әліпке қатысты жазба жариялады

29.05.2025, 21:43

Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубы қорғаушы Нұралы Әліптің Қазақстан құрамасының негізгі құрамына шақырылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Зенит» клубы Нұралы Әліпке қатысты жазба жариялады

«Нұралы Әліп Қазақстан құрамасына шақырту алды. Бас бапкер Әли Әлиев маусым айында өтетін халықаралық матчтарға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Оның құрамына «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліп те енді. Ол ұлттық құрама сапында 40 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген», — деп жазды ресейлік клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді. 5 маусымда Минскіде Беларусьпен жолдастық кездесу өтсе, 9 маусымда Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойын жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×