«Аладоптағы чемпиондар лигасы» финал

24.05.2014, 21:03
«Аладоптағы чемпиондар лигасы» финал
Сайытымызда ұйымдастырылып жатқан «Аладоптағы чемпиондар лигасы» болжам бәйгесі жалғасады. Біз енді бесінші айналым, ақтық финал ойындарын бастаймыз. Алдымен жартылай финалға жеткен төрт қатысушымыздың ұпайларымен танысайық. Жартылай финалдың қортындысы: Бірінші кездесу 1. Азамат —«Атлетико Мадрид» 1-1 Сәкен Қайрат — «Челси» 2. Тұрсынбек башар —«Реал Мадрид» 1-1 Медет Бағдәулетұлы —»Бавария» Қарымта кездесу 1. Сәкен Қайрат — «Челси» 1:0  Азамат —«Атлетико Мадрид» 2. Медет Бағдәулетұлы —»Бавария»  VS Тұрсынбек башар —«Реал Мадрид» (Өкініштісі, Медет болжамын кешігіп жасады.) Сонымен жарты жылдан астам уақытқа жалғасқан болжам бәйгеміздің ақтық сынына шыққан екі оқырманымыз да белгілі болды. Бүгін осы екі "көріпкел" қатысушымыз кім мықтыны анықтайтын болады. Тұрсынбек Башар- Оңтүстік Қазақстан обылысы Жетісай қаласының азаматы. Сәкен Ерланұлы- Оңтүстік Қазақстан обылысы Түркістан қаласының азаматы. Оңтүстік өңірдің қос мықтысы бүгін кеште өздерінің футбол ойындарына болжам жасаудың нағыз шебері екенін дәлелдеуге тырысатын болады. Жеңімпазды ертең суретімен таныстыратын боламыз бұйырса... Финал. Лиссабон қаласы. "Реал Мадрид"  VS "Атлетико Мадрид" Кім гол соғатынын да межелеп көріңіздер. Бұл енді ұпай тең болып қалған жағдайда керек болады. (Тек үш ойыншыны атай аласыз)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×