«Аладоптағы чемпиондар лигасы». Қорытынды

26.05.2014, 05:26
«Аладоптағы чемпиондар лигасы». Қорытынды
Біз бүгін сайтымызда ұйымдастырылып келген «Аладоптағы чемпиондар лигасы» болжам бәйгесін қортындылаймыз. Алдымен белсене атсалысып қолдау көрсеткен барлық оқырмандарымызға рахмет айтамыз. Жарым жылдан астам уақыт жалғасқан жарысымыз кеше өз мәресіне жетті. Бәріміз білетіндей 2013/2014 жылғы чемпиондар лигасын испаниялық "Реал Мадрид" командасы иеленді. Олар финалда "қанды көйлек бауырлары" "Атлетико Мадрид" құрамасын 4:1 есебімен бағындырды. Бір қызығы біздің сайытымыздың чемпионы да дәл осы "Реал Мадрид" командасының жанкүйері, жарысымызға "Корольдік команданың" атынан қатысқан Тұрсынбек Башар болды. Финал қорытындысы: Тұрсынбек Башар —«Реал Мадрид» 0:0  Сәкен Қайрат —"Атлетико Мадрид" Ұпайлары тең болғандықтан қос қатысушымыз атаған гол соғатын ойыншылар тізіміне жүгінуге тура келді. Тұрсынбек гол соғады деп Роналду, Бензема, Бэйл үштігіне сенім артса, Сәкен Роналдо, Иско, Вилья үшеуі гол соғады деп межелеген екен. Нәтижесінде, Сәкен атаған бір ойыншы, Тұрсынбек сенген екі ойыншы гол соғып, Тұрсынбек «Аладоптағы чемпиондар лигасының» чемпионы атанды. Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Тұрсынбек Башар - Оңтүстік Қазақстан обылысы, Жетісай қаласының азаматы. Қазір Алматы қаласында оқуда.   Жүзден жүйрік шыққан Жетісайлық жігіттке сайтымыздың атынан жүлде тігіп отырмыз. Жеңімпазымыздың сүйікті командасы "Реал Мадридтің" формасы және алматылық "Қайрат" командасының Орталық стадионында осы маусымда өтетін барлық ойындарына билеттер берілетін болады.   Аладоп ұжымы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×