Франция. Қораздардың қолынан не келер екен?

27.05.2014, 06:04
Франция. Қораздардың қолынан не келер екен?

Францияның Әлем футболына бергені мол. ФИФАның бұрынғы президенті Жюль Риме ең алғашқы Әлем чемпионатын ұйымдастырды. Бастапқыда жарыстың аты осы кісінің атымен аталған. 1958 жылы Фонтэн Әлем чемпионатында 13 гол соқты. Бір турнирде осыншама голдың рекорды әлі күнге дейін мұрты бұзылмай тұр. Платини Франция құрамасының капитаны бола жүріп командасымен әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Сонымен бірге үш мәрте Алтын доптың иегері атанды. Тағы бір 10 нөмердің иесі Зинеддин Зидан, Францияның 1998 жылы чемпион атануына үлкен үлес қосты. Ал енді тағы бір француз ойыншысы осы аңыздардың қатарын толықтыруы мүмкін. 1998 жылы Франция Әлем чемпионатын қабылдады. Платини капитандықты тастағалы бері бұл елдің құрамасы әлем чемпионаттарына шыға да алмай жүрді. Мексикадағы футбол тойынан кейін басталған бұл үзіліс 12 жылға созылды. 

Өз топырағында өткен жарыста Франция  финалға дейін жетті. Және жеңіске жетті. Дидье ДЕШАМ Әлем чемпионатынан асатын ғажайып жоқ. Чемпионаттар түрлі елдерде өткенде біз әдемі ойын тамашаладық. Ал бұл жолы Бразилия қабылдайтын біріншіліктен біз тіпті таңғажайып аяқдоп өнерін көреміз. Франк РИБЕРИ Ғажайып сезім. Бразилияда ойнайтын команданың бірі болғанымыз үшін біз бақыттымыз. Бұл ел футбол тарихында ерекше орын алатын ел. Біріншілікте ойнау мен үшін де зор құрмет. Айтар болсам, тіпті биылғы жарыс мен үшін соңғы чемпионат болуы мүмкін. Сондықтан да, соңғы чемпионатымды құр жібермеуге тырысамын. Өз атымды чемпионат тарихында қалдыруға күш саламын. 12 маусым 1998 жыл –француз футболының тарихындағы ерекше күн. Осы күні Зиданның екі, Эммануэль Петидің соққан бір голы Францияны тұңғыш рет Әлем чемпионы етті. Бұл жеңіспен күллі ел мақтанды. Кристиан КАРАМБЕ Екі дүниеде де ұмытпайтын жеңіс болды. Сол чемпиондық Францияның жейдесіне бір жұлдыздың тұруына мүмкіндік берді. Жарыстың Францияда өткені бізге екі есе салмақ салды. Осыған дейін чемпион болып көрмеген команданы жеңіске жетелеу үшін бүкіл елдің күші кетті. Мемлекеттік маңызы бар шару жасадық. Сол 98 жылғы команданың жігіттері осындай жан-жақтан таралған сенім мен үміттің арқасында бірігіп, бір ұжым болуға кірісті. Соның арқасында жеңдік қой деп ойлаймын. Әлем кубогы сол күні капитан Дидье Дешамның төбесінде қалықтады. Бұл футболшы ғұмырындағы ең үлкен жеңіс болып қала берді. Енді араға 14 жыл салып құраманың тізгіні Дешамға берілді. Ол енді сол жеңістің рухын өз шәкірттеріне беруі тиіс. Капитан болып чемпион атанғандағы тәжірибиесін, енді бапкер ретінде сынап көрмек. Поль ПОГБА Маған бапкеріміздің жеміске жеткен адам екендігі ұнайды. Ол футболды түсінеді және қалай чемпион болуды өз басынан өткеріп көрген. Ондай адаммен әрқашан да сөйлесуге бармын. Және осындай адам керек бізге. Бапкердің даңқты, абройлы адам болғандығы күллі команданың жасақталуына, оның ішкі атмосферасына ықпал ететіні рас. Барлығы жаттығуда оның айтқанын екі етпей орындайды. ОАРда өткен чемпионаттағы жағдайға қарағанда қазір Францияның жаттығулары бірқалыпты, жоспарымен өтуде. Ол кезде Николя Анелька мен бапкер Раймон Доменек арасындағы кикілжің күллі командаға қатты әсер етті. Франция соның кесірінен топта соңғы орын алып, чемпионатты күткеннен тым ерте аяқтады. Кристиан КАРАМБЕ Франция футболының қаралы күні деп баға берер едім. Былай қарасаңыздар ондай жағдай кімнің басынан өтпейді. Сол ОАРдың өзі де осындай кикілжіңнің кесірінен екіге жарылмаппа еді? Бірақ, елдің бағына орай Нельсон Мандела секілді адамдар пайда болды. Сондай адамдардың арқасында қаншама адамдар көп жерлерде бостандық алды. Футболдың да жайы сол. Басы қасында тізгінін ұстайтын адамы дұрыс болмаса қанша жаттықсаң да бәрі бекер. Дидье ДЕШАМ Турнирде бізді не күтіп тұрғаны қазір маңызды емес. Біз бәрібір жарыс аяқталғанша біріккен команда болуымыз қажет. бір айдан астам уақытта біз бір бірімізді жанұяның адамдары ретінде қабылдауға дайын болуымыз керек. Бес саусақ бірігіп жұдырық болмаса, жасыл алаңда бір бірлеп тыраштанған құр далбаса. Дешам командада көптеген дүниені өзгертер еді. Бірақ жағдай ондай еркінсуге жол бермеді. Команда іріктеу турирінде соңғы әлемнің чемпионымен бір топқа түсіп қалды. Іріктеуде Франция Испанияның 24 ойынға созылған жеңісті жолына нүкте қойды. Мадридте өткен екеуара ойында 1:1 есебі тіркелді. Соның өзінде де, Франция екінші орын алып плэй оффқа түсіп қалды. Дидье ДЕШАМ Іріктеу жарысы оңай болмады. Біз Испанияның тобына түстік. Олар ел күткендей-ақ чемпионатқа тікелей жол тартты. Ал біз тағы бір сынаққа жолдандық. Плэй ойындары жеңіл өтті дегенді ешкімнен естіген емеспін. Бірінші ойында 0-2 есебімен ұтылғанымыз соның айқын дәлелі. Киевте өткен ойын Франция үшін Әлем чемпионаттарының іріктеуіндегі 100 матч болды. Бірақ, француздар мерейтойлы матч өтті деп тойлайтын халде болмады. Роман Зозуля мен Андрей Ярмоленконың екі голй франциялықтарды көктен жерге түсірді. Поль ПОГБА Украинаға қарсы өткен ойында біз оларды бағаламадық. барлығы да жеңіл болады деп ойладық. Тіпті, бір жолдастық кездесуге барғандай едік. Ойынның соңында бұл ойымыздың орға жыққанын білдік. Сосын барып, есімізді жиып, қой жиналайық деп ақылға қонатын футбол ойнадық. Екінші ойынды салыстырар болсақ бірінші, матчтағы футболымыз жай жаттығу болып қалды. БАҚ өкілдері команданы қатты сынады. Төрт күннен кейін болатын жауапты матч қана оларды құтқара алды. Дешам тактиканы түгел өзгертіп, 4-3-3 сызбасымен шықты. Және ол жемісін берді де. Бірінші таймда Мамаду Сако мен Карим Бензема соққан 2 гол теке тіресті теңестірді. Осыған дейін іріктеуде аз гол ұрады деп Бенземаны ерінбегеннің бәрі сынайтын. Екінші таймда Сако тағы бір гол соғып күллі францияны шаттыққа бөледі. Поль ПОГБА Бізге сол ойынның алдында ешкім сенбеді. Бәрі сынады. 2 допты қайтару мүмкін емес деп есептеді. Мұндай сөздердің барлығы бізге керісінше күш берген секілді. Шықтық та 3-0 қылып жеңе салдық. Сонда жанкүйерлердің бізді қалай қолдағанын көрдік. Бүкіл Франция чемпионатқа қатысатынымызды естіп үлкен той жасады.
Мемлекет аты осы күнгі Франция аумағында өмір сүрген ежелгі германның франк тайпасының атын алған.
1830 жылы Луи Антуан д’Артуа мемлекетті шамамен 20 минуттай басқарды. .
Осы күні Франция қонақ көп қабылдайтын мемлекет.
Франциялық шоумен Мишель Лотито – велосипед, стақан, телевизор және самолет жеуге болмайтын заттарды жегенінің арқасында танымал болды.
Францияда Әуе шарымен ең алғаш рет аспанға ұшты.
Және осында парашютті де ойлап тапты.
Әлем чемпионатында соғылған алғашқы голдың авторы француз футболшысы.
Францияның танымал клубтары – «Пари Сен-Жермен», «Сент-Этьен» және «Олимпик» Марсель.
Ал ұлттық құраманың лақап аты – «көктер».
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×