«Аладоптағы чемпиондар лигасы» жалғасады

03.03.2014, 04:03
«Аладоптағы чемпиондар лигасы» жалғасады
Сайытымызда ұйымдастырылып жатқан «Аладоптағы чемпиондар лигасы» болжам бәйгесінің екінші айналымына өткен оқырмандар белгілі болды. Естеріңізде болса осыдан екі апта бұрын оқырмандардың сұрауына орай, чемпиондар лигасы ойындарымен қатар жүріп отыратын «Аладоптағы чемпиондар лигасы» атты жаңа ойынының жолын салған болатынбыз. Енді алғашқы айналымның нәтижесін жараиялағалы отырмыз. Оқырмандарымыз өте белсенділік танытты. 150 ден аса болжам бәйгеге қосылды. Осы орайда, бізді қолдап- қуаттаған осы оқырмандарымызға сайытымыздың атынан рахмет айтамыз. Бастағы келісім бойынша ең көп ұпай жинаған 16 оқырманды бөліп алдық. Енді олар ойынымыздың келесі кезеңінде, 1/8 финалында, бақ сынайтын болады. Сонымен оза шапқан 16 оқырманымыз:
  1. Сәкен Қайрат --- 12 ұпай.  17-02-2014 ( 14:16 сағат) «Галатасарай»
  2. Шоқан Барселона --- 10 ұпай  17-02-2014 (19:43 сағат)
  3. Тұрсынбек башар --- 9 ұпай  17-02-2014 (02:43 сағат) «Реал Мадрид»
  4. Жасок    --- 9 ұпай  17-02-2014 (13:45 сағат)
  5. aidos --- 9 ұпай  17-02-2014 (19:32 сағат) «Манчестер Юнайтет»
  6. Медет Бағдәулетұлы --- 9 ұпай  17-02-2014 (22:01 сағат) «Олимпиакос»
  7. Данияр Ихcан --- 8 ұпай  17-02-2014 (12:35 сағат)
  8. х-фанс --- 8 ұпай  17-02-2014 (20:55 сағат)
  9. Азамат(Атырау) --- 8 ұпай  17-02-2014 (21:53 сағат)
  10.  Nurdaulet --- 8 ұпай  18-02-2014 (17:34 сағат)
  11.  YERSIN  --- 8 ұпай  18-02-2014 (19:05 сағат) «Манчестер Сити»
  12.  Атырау обылысы кызылкога --- 7 ұпай  17-02-2014 (09:02 сағат)
  13.  FC BAYREN-NURS --- 7 ұпай  17-02-2014 (11:04 сағат) «Бавария»
  14.  Жанибек --- 7 ұпай  17-02-2014 (15:24 сағат)
  15. Куаныш- Челси --- 7 ұпай  17-02-2014 (20:09 сағат) «Челси»
  16.  Бекдәулет- Реал --- 7 ұпай 17-02-2014 (23:02 сағат)
Ескертулер: 1. Бұнда біз, алдымен жинаған ұпай санына, ұпай тең болған жағдайда, болжам жасаған уақытына қарап қатарға тізіп отырмыз. «Жолжан Исатай» және «zhambul» атты екі оқырманымыз да 7 ұпай олжалаған болсада болжамдары басқалардан кеш (18 ақпан) жасалғандықтан келесі айналымға шыға алмады. Бұдан бөлек 10 оқырманымыз 6 ұпай, 22 оқырман 5 ұпай еншіледі. Бұл кісілерге сәл ғана сәттілік жетіспей қалды. Осы оқырмандарымызды да жоғары ұпайларымен құттықтаймыз.  2. Екінші айналымға өткен 16 оқырманға: 1. Команда аты тіркелмеген оқырмандар, жоғарда аталмаған бір клубты өзіңізге меншіктеңіз. 2. Екінші айналымға болжам жасағанда, алдыңғы жолы пайдаланған E-mail әдірісіңізді пайдаланыңыз. Бұл енді басқалардың сіздің атыңыздан болжам жасамауы үшін... 3. Есімі дұрыс жазылмаған қатысушылар келесіде дұрыстап алыңыздар. Мәселен, Жанибек емес, Жәнібек болып жазылады. 4. "Аладоп" сайытының арнайы парақшасына тізімделіңіздер. http://vk.com/public62844989 Бұл сіздермен тез байланысқа шығу үшін. 5. Екінші айналымның болжамын бұнда жасамаңыздар, кездесу өтерде арнайы мақала жазамыз... Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×